Балабақша, мектеп, емхана...

Балабақша, мектеп, емхана...
Сурет: ашық дереккөз

Әлеуметтік қолайлылық: Алматының Әуезов ауданында қадамдық қол жетімді жерлерден балабақшалар, мектептер мен емханалар салынуда

 Алматы қаласының ӨКҚ брифингінде Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету аясында «Мамыр» шағын ауданында осы жылдың тамыз айында ауысымына 200 адам қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулатория ашылғанын, бұл осы емханаға тіркелген 12 мың адамға ыңғайлы қызмет көрсету мәселесін шешуге мүмкіндік бермек. Сонымен қатар, ол басқа нысандардың ашылғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

 «Ауданның денсаулық сақтау саласындағы проблемалық мәселе, бұл №18 емханаға тіркелгенгендермен шамадан тыс жүктелуі болуда. Осы жағдайды шешу үшін «Қуаныш» шағын ауданында 300 орындық емхана салу жоспарланып отыр, ағымдағы жылдың қазан айында, аталған мақсатта жер учаскесі сатып алынды. Сонымен қатар, келесі жылы №16 қалалық емханаға күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда», - деп хабарлады аудан әкімі.

Абзал Егембердиев оқушы орнының тапшылығы мәселесін шешу жайына да кеңірек тоқталды. 
 
Қазіргі уақытта ауданда 33 мемлекеттік және 22 жекеменшік мектеп бар, ондағы оқушылардың жалпы саны - 59 209. Ауданда оқушы орнының тапшылығы  5 мыңнан асады.

  
«Оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында 2022 жылы №6,117,121,132,133 мектептерге 5 қосымша құрылыс салынды,  сондай-ақ «Достық» жекеменшік мектебі ашылды, бұл сол кездегі орын тапшылығын 3400 оқушы орнына қысқартуға мүмкіндік берді», - деді аудан әкімі.

№141, 122 мектептерде және БИЛ мамандандырылған лицейінде (Білім инновациялық лицей) сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу аяқталды. Сонымен қатар, №9 мектепте күрделі жөндеу жалғасуда, ал  №127 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып келеді.

 «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында №97 мектептің ескі ғимаратының орнында 600 орындық жаңа мектептің құрылысы басталды. Құрылысты аяқтау 2024 жылдың III тоқсанында жоспарланып отыр.
 
№72 мектептің ескі ғимаратын бұзу және сыйымдылығы 380-нен 1200 орынға дейін ұлғайтылған жаңа мектеп салу жоспарлануда. Жобалық сметалық құжатты әзірлеудің басталуы-2024 жылғы I тоқсан.

 Алматы қаласының әкімдігі мен құрылыс компаниялары арасында жасалған Меморандумды орындау аясында мың жарым (1500) орындық бір мектеп, сондай-ақ 400 орындық қосымша құрылыс салу жоспарлануда.

Ескі екі мектепті бұзу мәселесі пысықталуда: № 13 гимназия, қуаттылығын 860-тан 1200 орынға дейін ұлғайту.  №158 мектеп: қуаттылығын 620-дан 1200 орынға дейін ұлғайту арқылы.
 
Жүргізілген талдау қорытындысы бойынша 2 мектеп анықталды: №1 және 42, оларға 700 оқушыға арналған қосымша ғимараттар салу жоспарлануда.

Сонымен бірге «Таугүл-3» ықшам ауданында жеке инвестормен 600 оқушыға арналған «Zerdesh» мектебі ашылды.
 
Мектепке дейінгі білім беруге де көп көңіл бөлінуде. Бүгінгі таңда ауданның мектепке дейінгі мекемелеріндегі орын тапшылығы шамамен 6 мың орынды құрайды. Ауданда жалпы саны 18 мың бүлдіршінді қамтитын 47 мемлекеттік және 163 жекеменшік балабақша жұмыс атқаруда
 
Мектепке дейінгі орындардың тапшылығы мәселесін шешу, сондай-ақ балабақшалардағы жағдайды жақсарту үшін келесі жұмыстар жүргізілуде: «Алтын бесік» шағын ауданында 120 орындық мемлекеттік балабақша құрылысы басталды. Биыл 10-шы ықшам ауданында 160 орындық балабақша құрылысына жобалық сметалық құжатты әзірлеу жұмыстары басталды. Таугүл ықшам ауданында апатты деп танылған балабақша ғимаратының орнында 120 орындық жаңа балабақша салу жоспарлануда. 2-ші шағын ауданында бұрынғы 120 орындық балабақша ғимаратын сейсмикалық күшейте отырып, күрделі жөндеуді жобалау жұмыстары жүргізілуде