"Бақты" өткізу бекетінде адамдарды өткізу уақытша тоқтатылды

"Бақты" өткізу бекетінде адамдарды өткізу уақытша тоқтатылды
Сурет: primeminister.kz

Қытай шекарасында орналасқан "Бақты" бақылау-өткізу пунктінде жеке тұлғалардың өтуіне уақытша шектеу қойылды. Бұл жөнінде мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді. деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

10 қарашадан бастап Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим жұмыс істей бастаған еді. Келісімге сәйкес көрші елде визасыз 30 күнге дейін жүруге болады. Осыған байланысты Қазақстан-Қытай учаскесіндегі өткізу пункттерінде жеке тұлғалардың өту қарқыны күшейеді деп күтілуде.

Қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық жарақтандыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Оның ішінде Абай облысындағы "Бақты" өткізу пункті де бар.

“Қазір аталған пунктте шекарадан өту келісілген уақытша технология бойынша іске асырылады. Сәйкесінше,  реконструкциялау уақытын бақылау барысында жеке тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ. Қос тарап азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін биыл 10 қарашадан бастап реконструкциялау кезеңінде Абай облысы "Бақты (Қазақстан) – Покиту (ҚХР)" өткізу пунктінде жеке тұлғаларды өткізуді  уақытша тоқтатады”, - делінген хабарламада.

Шығыс Қазақстан облысының Майқапшағай (Қазақстан) – Зимунай (ҚХР), Жетісу облысы "Алакөл (Қазақстан) – Алашанькоу (ҚХР)", Нұр жолы (Қазақстан) – Қорғас (ҚХР)", Алматы облысының "Қалжат (Қазақстан) – Дулаты (ҚХР)" өткізу пункттерінде жеке тұлғалар штаттық режимде өтеді.

Комитет мәліметінше қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жеке тұлғалар тек жоғарыда аталған өткізу пункттері арқылы ғана Қытайға өте алады.