АҚШ-та «Ида» дауылынан қаза болғандар саны артты

АҚШ-та «Ида» дауылынан қаза болғандар саны артты
Сурет: Rbc.ru

Табиғат апатынан зардап шеккендер көбейді

АҚШ-тың солтүстік-шығысына соққан «Ида» дауылынан қаза тапқандардың саны артып, 82-ге жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Аймақтарда табиғат апатының салдарымен күрес жалғасып жатыр. Нью-Йорк пен Нью-Джерси штаттарында көп адам тасқын кезінде көз жұмған. Луизианада әлі күнге дейін ондаған мың үй жарықсыз отыр.

Еске сала кетейік, тамыздың 25-інде АҚШ-тың оңтүстік-шығысына «Ида» дауылы соққан еді. Дүлей желдің жылдамдығы сағатына 240 шақырымға жетіп, ұйытқыған жел талдар мен электр бағаналарын құлатып, жолындағыны тас талқан етті. Осыдан кейін дауыл елдің солтүстік-шығысына ауып, жаңбыр селдетіп, көп елді мекенді су басты.