АҚШ-та антиваксерлерге қарсы шаралар қабылдануда

АҚШ-та антиваксерлерге қарсы шаралар қабылдануда
Сурет: Rkomi.ru

Нью-Йорктегі он мыңға жуық мемлекеттік қызметшіні вакцинациядан бас тартқаны үшін жұмысқа кіргізбеген.

300 мың қызметкердің 24 мыңға жуығы COVID-19 инфекциясына қарсы екпе алмаған және объективті медициналық қарсы көрсетілімдер ұсынбаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың телеграм каналына сілтеме жасап.

Осылайша, олардың барлығы ақы төленбейтін демалысқа жіберіледі. Нью-Йорктегі өрт сөндіру бөлімінде вакцина алудан бас тартушылар бар, дегенмен олардың қызметінің ерекшелігіне байланысты өрт сөндірушілер қызметтен шеттетілген жоқ. Барлығы 1,7 мыңға жуық өрт сөндіруші, сондай-ақ жедел жәрдем бригадаларының 20% - ы жұмыссыз қалуы мүмкін.