Қазақстанда дебат қозғалысын дамытушыларға төлемақы жасау мүмкіндігі қаралды

Қазақстанда дебат қозғалысын дамытушыларға төлемақы жасау мүмкіндігі қаралды Inform.kz

Еліміздің білім беру ошақтарында дебат қозғалысын дамытып, оқушылар мен студенттердің пікір-сайыс қабілетін ілгерілетуші мамандарға қосымша төлемақы жасау идеясы көтерілді. Бұл бастаманы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов алға тартты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Жалпы еліміздің мектептерінде дебат қозғалысы жақсы дамып келе жатыр деуге болады. Балалардың қызығушылығы бар. Бастысы сапаға жұмыс істеу керек. Егер кейбір мектептерде дебат жаттықшырушысы болмаса немесе дебатты ұйымдастыратын тиісті мамандар жоқ болса, онда дебаттық қозғалыс бар деп қолдан жасау қажет емес. Бұл керісінше пікір-сайыс қозғалысын дамытуға кедергі келтіреді. Сондықтан алдымен дебат өткізудің мән-жайын білетін кадрды даярлап, шаруаны сосын қолға алу керек. Мүмкін дебатты ұйымдастырушыларға төлемақы өтеу жағын қарастыру керек шығар», - деді Асхат Аймағамбетов министрлікте өткен аппарат кеңесінің жиынында.



Министрдің айтуынша, білім беру ошақтарында дебат қозғалысының ілгерілеуіне үлесін қосып жатқан мамандарды ынталандыру керек. Сондай-ақ, А.Аймағамбетов «Оқуға құштар мектеп» жобасы туралы сөз қозғады.



«Бұл жобада жақсы жолға қойылған. Мен жалпы өңірлерді аралағанда мектеп бағдарламасынан тыс білім беру жобаларының орындалу барысын да қадағалаймын. Таяуда сапармен Ақтөбе облысында болдым. Сонда секілді Мартөк, Хлебодаровка, Ақжар секілді шалғай елдімекендерде «Оқуға құштар мектеп» жобасы жақсы деңгейде жүзеге асып жатыр. Сонымен қатар СҚО-ның бірқатар шеткей ауыл мектептерінде де білім жобаларының іске асуын үлгі тұтуға болады», - дейді ол.





Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:49

11:40

11:25

11:24

10:57

10:49

10:44

09:43

09:26

09:18

08:50

08:21

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17