АҚШ екпені үшінші рет алуға рұқсат берді

АҚШ екпені үшінші рет алуға рұқсат берді
Сурет: Gazeta.ru

Үшінші доза ретінде Pfizer және Moderna компанияларының препараттары қолданылады.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың мәліметіне сәйкес, АҚШ толық иммундау курсынан кейінгі ревакцинацияны қолданады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасы жөніндегі басқарма иммунитеті төмен адамдар үшін вакцинаның үшінші дозасын қолдануды мақұлдады. Басқарма Pfizer және Moderna коронавирусқа қарсы вакциналарын төтенше жағдайларда қолдануға рұқсат берді. Бұл кейбір иммунитеті төмен адамдарға қосымша дозаны қолдануға мүмкіндік ұсынады», - делінген АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасының хабарламасында.