Азия пара ойындарының жүлдегерлері өз әсерлерімен бөлісті

Азия пара ойындарының жүлдегерлері өз әсерлерімен бөлісті
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қытайда Азия пара ойындары аяқталды. Оның қатысушылары мен жүлдегерлері Алматыға оралды. Спортшыларға арналған алғашқы ресми баспасөз мәслихатын Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырды. 

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 22-28 қазан аралығында Ханчжоуда (Қытай) IV Азия пара ойындар өтті.  «Алматы» спорт клубының тоғыз спортшысы Ұлттық құрама сапында жеңіл атлетика, пара таэквондо, пара садақ ату, пара велоспорт, пара жүзу, пара дзюдо бойынша жарыстарға қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Көру қаюілеті бұзылған спортшы, пара велосипедші Кенжеғұл Сейітжан ұшқыш Антон Лаврентьевпен жұптасып, 18,5 және 69,5 км қашықтықта 2 қола медаль жеңіп алды.

Пара дзюдошы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Камила Досмалова күміс медаль алды. Пара жүзуші Кирилл Илюкевич өзінің жеке нәтижесін едәуір жақсартты, бірақ 100 м еркін жүзу стилінде уақыт жағынан аздаған секундттарға қалып,  4-ші орынға ие болды.

Жарысқа елімізден барлығы 131 спортшы 14 спорт түріне қатысып, сегіз алтын, 12 күміс және 21 қола медальмен командалық есепте 11-орынға ие болды. Айта кету керек, Азия пара ойындарына 43 елдің спортшылары қатысты.

Спортшылар Қытай сапары мен өздерінің спортқа қалай келгендері жайлы айтып берді. Айта кетейік, жаттықтырушылар да, спортшылардың өздері де Азия ойындары жоғары деңгейде өткенін атап өтті. Барлық параспортшылар оған ұзақ және барын салып дайындалды, мемлекеттік органдар да қолдау көрсетті.

«Біз Азия ойындарының алдында Алматы облысында және орта таулы аймақта Ыстықкөлде екі жаттығу жиынын өткіздік. Сондай-ақ, Қытайда акклиматизациядан өтуге уақыт бөлінді. Шетінен  мықты командалар  келді, Қытай командасы, сондай - ақ Оңтүстік Корея, Индонезия құрамалары күшейе түскен», - деп бөлісті велоспорт құрамасының бас бапкері Николай Зайцев. 

Ол сондай-ақ велосипедтер сатып алынғанын, біздің спортшыларымыз барып, медаль жеңіп алуы үшін барынша жағдай жасалғанын айтты. Айта кетейік, бүгінде Алматыда пара  велоспорт дамып келеді, жаттығулар смарт станоктарда өтуде. Жақында «Халық аренада» вело база ашылады, сонымен қатар «Эндюранс» фитнес-залында сабақтар өтеді.

Өткен жарыстардан алған әсерімен 2023 жылғы таэквондодан Азия пара ойындарының күміс жүлдегері Камила Досмалова бөлісті. Ол спортпен мектепте оқып жүрген кезінен айналысқан. 

«Мен спортпен салауатты өмір салтын ұстану үшін хобби ретінде айналыса бастадым. 2016 жылы жаттықтырушы маған жарысқа қатысу мүмкіндігі туралы айтты. Мен белдесу алаңына алғаш рет м 2016 жылы Азия чемпионатында шыққан болатынмын», - деп бөлісті ол. 

Азия пара ойындарында жартылай финалда дзюдошы спаррингте Непал өкілдерімен кездесті.

Велоспорт бойынша 2023 жылғы Азия пара ойындарының қатысушысы, спорт шебері Жұлдыз Қайнарова жыл бойы кәсіби түрде  пара велоспортпен айналысады. Секцияға 2021 жылы өзін сынап көру үшін келген, сол кезден бастап Жұлдыз жарысқа қатыса бастады, тіпті бірінші орындарды иеленген. 
 
Велоспорттан 2023 жылғы Азия пара ойындарының қола жүлдегері, спорт шебері Антон Лаврентьев жарыста ұшқыш рөлін атқарады. Ол 10 жасынан бастап велоспортпен айналыса бастапты, оның әкесі жаттықтырушылықпен айналысады. Антон халықаралық және еуропалық старттарға қатысып, құрлықтық командалардың құрамында болды. Содан кейін ол 2023 жылғы Азия пара ойындарының қола жүлдегері Кенжеғұл Сейітжанмен бірге пара  велоспортта өзін ұшқыш ретінде сынап көрді.

Антонның серіктесі - Кенжеғұл Сейітжан зағип спортшылар үшін ұшқыштар еркіндікті, жылдамдықты, ұшуды сезінуге мүмкіндік беретін адамдар екенін айтты. Кенжеғұл пара велоспорттан Қазақстан Федерациясын құру идеясы сонау  80-ші жылдары басталғанын айтты.

«Бұл туралы естігеннен кейін мен шабыттандым және елімізде осы спортты дамытқым келді. Сондықтан 2016 жылы біз «Шекарасыз спорт» жобасын құрдық, әлемнің жартысын аралап, жарысқа қатысатын кез келді деп шештік. Сонымен, 2021 жылдан бастап біз әр түрлі турнирлер мен жарыстарға жиі қатысып, федерацияны нығайтып, кеңейту керек деген шешім қабылдадық. Сол жылы біз велоспорттан қысқы және жазғы ұлттық чемпионаттарды өткізе бастадық. 2022 жылы пара велоспорттан ҚР Ұлттық чемпионатында командаға он екі ұшқыш кірді, сол жылдың наурыз айында Мақсат Қадыров екеуміз командадан барып, пара велоспорттан алғашқы қола медаль алып келдік», - деп бөлісті ол.

Баспасөз мәслихатының соңында пара спортшылар мен олардың жаттықтырушылары ерекше қажеттіліктері бар адамдарды секцияға келуге, өздерінің қатарына қосылып, спорттағы биіктерге жетуге шақырды.