Адай жылқысы халықаралық жарыста сыналады

Адай жылқысы халықаралық жарыста сыналады Сурет: Mezgil.kz

Маңғыстауда Адай жылқысын асыл тұқымды ретінде тану, ресми мәртебе алу мақсатында 100 шақырымдық ұзақ қашықтықта ат жарысынан халықаралық турнир өтеді.



Аламан бәйгеде қазылық етуге Біріккен Араб Әмірліктерінен 6 төреші келеді. Дүбірлі додада 18 жастан асқан, салмағы 70 келіден кем емес шабандоздар бақ сынай алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Сонымен қатар арнайы бас киімі мен жалпақ үзеңгісі, өкшелі етігі болуы шарт. Тұлпар тізгіндейтіндер тіркеуден өтіп, жылқы паспортын көрсетуге міндетті. Турнир 4 қараша күні Кендірлі демалыс аумағында басталады.




«3-4 қараша күндері өтетін турнирге Қостанайдан, Ақтөбеден, Жетісу, Алматыдан, Өскеменнен шабандоздар қатысады. Шашауына шаң жұқпас 30-дан аса жүйрік желмен жүйіткиді. Бәйгеге ат қосу 2 қарашаға дейін жалғасады. Жарыс 4 этаптан тұрады. Шабандоздар бірінші және екінші айналымда 30 шақырымдық қашықтықты шауып өтсе, үшінші және төртінші айналымда 20 шақырым қашықтықты еңсереді. Әр айналымнан кейін тұлпарлардың жай-күйі қатаң тексеріледі»,- деді Қазақстан Республикасы ат спорты федерациясы РҚБ Маңғыстау облыстық филиалының басшысы Орынбасар Құлбеков.




Жалпы бұл ат жарыс 2011 - 2015 жылдар аралығында өтті, одан кейін 2022-2023 жылы «Ұлы дала жорығы» жарысында жалғасын тапты.


Басты мақсат - «Адай» жылқысының мәртебесін алу. Сондықтан тұлпар әр түрлі тексерістен өткеннен кейін ғана жүлде әділ түрде шетелдік сарапшылардың шешімімен беріледі.


Турнир 4 қараша сағат 8.00- де Кендірлі демалыс аумағында басталады. Ал салтанатты ашылу рәсімі сағат 12:00-де өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56