Қазақтардың үлесі 70,4%-ға дейін өсті

Қазақтардың үлесі 70,4%-ға дейін өсті Сурет: Қайрат Қоныспаев

Қазақстанда тағы қандай этностар тұрады?


2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша қазақтар саны 13,4 млн адамды құрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


2009 жылдан бергі өсім – 33,7% (10 млн – 2009 ж.), жалпы халық санындағы қазақтардың үлесі 63,1%-дан 70,4%-ға дейін өскенін хабарлаған болатынбыз.


Сондай-ақ, саны көп ұлттар қатарына орыстар – 2,9 млн адам, өзбектер – 614 мың адам, украиндар – 387 мың адам және ұйғырлар – 290 мың адам кірді.


Санақ қорытындысы бойынша еліміздегі этностар саны 124-ті құрады. Олардың арасында ливтер, вепсілер, орочтар, долгандар, даниялықтар, удэгейлер, цахурлар, мансылар, нанайлар, моңғолдар, селькуптер, чукчалар, ульта, нивхтер, ижорлар, кеттер, коряктар, қырымшақтар, нганасандар, саамдар, чувандар бар.


Айта кетейік, 2021 жылғы санақ раундының сауалнамаларына ұлтты «көрсетпеу» жауап нұсқасы қосылған. Осылайша, 24,8 мың адам өз ұлтын көрсетуден бас тартқан. Сондай-ақ 2021 жылы санақ кезінде «басқа ұлт» жауабын таңдағандар 47,5 мың адамды құрады, ал 2009 жылы мұндай адамдардың 8-і болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:47

17:14

16:45

16:10

15:12

14:45

14:10

13:45

13:27

13:24

13:15

12:50

12:10

11:27

11:15

10:43

10:10

17:48

17:15

16:40

16:10

15:40

15:06

14:57

14:45