Азия пара ойындарында ел қоржыны күміс жүлдемен толықты

Азия пара ойындарында ел қоржыны күміс жүлдемен толықты
Сурет: kaz_para_judo парақшасы

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия пара ойындарында дзюдошы Зарина Райфова күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Зарина J2 санаты бойынша 70 келіге дейінгі салмақта финалдық белдесуде әлем чемпионы, алаң қожайыны Хуньюй Ванмен белдесіп, 0:10 есебімен есе жіберді.

Зарина А тобындағы бірінші кездесуінде Азия пара ойындарының екі мәрте қола жүлдегері, жапониялық Ацуми Нисимурадан 10:0 есебімен айласын асырған еді.

Осылайша, Қазақстан қоржынына жетінші күміс медаль түсті.