Қазақстан Президенті Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Қазақстан Президенті Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
akorda.kz
Қазақстан Президенті Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсіміне қатысты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Шара "Ақорда" резиденциясының алдында өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. Содан кейін Президенттің бұйрығымен Мемлекеттік ту көтеріліп, еліміздің Әнұраны орындалды.

Ұлттық мереке – Республика күнін ресми түрде атап өту осы салтанатты шарадан басталды. Еліміздің барлық өңірінде Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтеді.