Айшылық алыс жерлерден...

Айшылық алыс жерлерден...
Сурет: ашық дереккөз

Қытайдан онлайн сатып алынған тауарларды жедел жеткізетін пойыз ашылды. Шаттл-пойыз Қазақстан арқылы көрші елдерге де жүреді.

«Қазақстан темір жолы» компаниясы интернет арқылы сатып алынған тауарларды Қытайдан жедел жеткізетін пойыздың іске қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Компанияның баспасөз қызметі мәлім еткендей, Қытай Халық Республикасынан онлайн сатып алынған тауарларды енді тұрақты транзиттік шаттл-пойызы арқылы алдыруға болады. Пойыз Қазақстан арқылы көрші елдерге де жүреді.

«Үрімші (ҚХР) бағыты бойынша Алашаңқай – Достық шекаралық өткелі арқылы Ресей бағытында, сондай-ақ Өзбекстан мен Тәжікстанға қатынайтын болады», - делінген хабарламада.

Жүкті межелі станцияға жеткізу мерзімі 7-10 күнді құрайды. Тұрақты қызмет көрсету жиілігі – апта сайын.

Болашақта тасымалдау көлемінің одан әрі ұлғаюымен шаттлдарды жөнелту жиілігі ұлғаяды.