Әлем чемпионатында жапондық жанкүйерлер отырған орындарын жинап кетті

Әлем чемпионатында  жапондық жанкүйерлер отырған орындарын жинап кетті
Сурет: Inform.kz

Футболдан әлем чемпионатында жапониялық жанкүйерлер мәдениеттілік үлгісін көрсетті.

Қазір футболсүйер бүкіл әлемнің назары Катарда. Қатар астанасы Доха қаласындағы «Халифа Интернейшнл» стадионында өткен ойында Жапония құрамасы Германияны 2:1 есебімен жеңді. 

Тарихи жеңістен кейін жапониялық жанкүйерлер мәдениеттілік үлгісін көрсетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Өздері орналасқан бөліктегі қоқысты тазартып, оны арнайы жәшіктерге жеткізді. Осылайша өзгелерге өнеге көрсетті.  

Е тобында сынға түсетін Жапония құрамасы енді екінші турда 27 қарашада Коста-Рикамен кездеседі.