Айдостың қарсыласы – Леннокс

Айдостың қарсыласы – Леннокс
24.kz

Екінші орта салмақтағы боксшы Айдос Ербосынұлының (15-0, 10КО) жаңа қарсыласы анықталды.

Биылғы 17 сәуірде Айдос IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына міндетті үміткер атану үшін ресейлік Евгений Шведенкомен (15-0, 6КО) кездесуге тиіс еді. Германияның Карлсруэ қаласында өтуге тиіс жекпе-жекке бір апта қалғанда Айдостың коронавирус жұқтырып алғаны белгілі болды. Сөйтіп, кездесу мүлде өтпейтіні айтылды.

Содан кейін А.Ербосынұлы елге келіп емделіп, әбден сақайды. Boxingscene.com сайтының ақпараты бойынша, Ербосынұлы 12 қыркүйек күні гайаналық боксшы Аллен Леннокспен (22-1-1, 14КО) кездеседі. Бұл жекпе-жекте екінші орта салмақ дәрежесі бойынша WBA нұсқасындағы әлем чемпионы атағына міндетті үміткер анықталады. Жарыстың өтетін жері әзірше белгілі емес.

Бұл күндері Айдос Мәскеу (Ресей) қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Әлеуметтік желідегі парақшасына ол осында біраз жаттығатынын, жақын уақытта жаңалық айтатынын жазды.

А.Ербосынұлы 2020 жылдың желтоқсанынан бері шаршы алаңға шыққан жоқ. Сол кезде ол Нұр-Сұлтан қаласында ганалық Иса Самирді естен тандырып, екінші орта салмақтағы WBC Asia, WBA International және WBO Global атақтарын сәтті қорғаған болатын.

Ал былтырғы желтоқсанда IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына таласып, 12 раундтық жекпе-жекте жквадорлық Карлос Гонгорадан нокаутпен жеңілген отандасымыз Әли Ахмедов те (16-1, 12КО) жақында шаршы алаңға оралады. BoxRec порталының хабарлауынша, Ахмедов 26 тамызда Коста-Меса қаласында (Калифорния штаты, АҚШ) мексикалық Рикардо Адриано Флореспен (23-8-1, 15 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек 8 раундқа жоспарланып отыр.

Араға 20 күн салып Ә.Ахмедов ортаға қайта шығады. 16 сәуірде ол Калифорния штатындағы Монтебелло қаласында перулік Давид Сегаррамен (34-5, 21КО) 10 раундтық жекпе-жекте қолғап түйістіреді. Екі спортшы 1 тамызда Албукерке қаласында (Нью-Мехико штаты, АҚШ) жолығуға тиіс еді. Алайда, Д. Сегарраның коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже беріп, жекпе-жек кейінгі ысырылды.