«Айбын» ордені батырлар есімімен дәрежеленеді

«Айбын»  ордені батырлар есімімен дәрежеленеді
Сурет: интернеттен

Бұл әскери ордені 1995 жылы бекітілген.

Бұдан былай орденнің бірінші дәрежесіне Сағадат Нұрмағамбетовтің, екінші дәрежесіне – Бауыржан Момышұлының, үшінші дәрежесіне – Рахымжан Қошқарбаевтың есімі берілмек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы заң жобасы қабылданды.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 15 наурызда "Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс" атты ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында "Айбын" орденінің әртүрлі дәрежелеріне Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы және Рахымжан Қошқарбаев есімдерін беру туралы идеяны айтты. Мемлекет басшысы бұл тарихи әділеттілікті қалпына келтіру және жауынгерлеріміздің ерлігін еске алу ісіндегі тағы бір маңызды қадам болатынын атап өтті. Мұндай шешім осы наградалар арқылы біздің атақты отандастарымыздың батырлық рухын жаңғыртады және олардың иелерін Отанға жанқиярлықпен қызмет етуге шабыттандырады", - деді депутат Айгүл Құспан.