Айылын жимайтын алаяқтар

Айылын жимайтын алаяқтар
Сурет: интернеттен

Су тасқынынын да пайдаланып жатыр.

Сол себепті полицейлер халықты тек ресми ақпараттарға ғана сенуге шақырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Соңғы уақытта су тасқынынан зардап шеккен адамдардың банктік карталарының нөмірлері және көмек сұрау туралы өтініштері көрсетілген хабарландырулар тарап кетті. Олардың барлығын көптеген тұрғындар көрді. Киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері осындай хабарландыруларды, нақтырақ айтқанда, суретте, мәтінде көрсетілген адамдар жайлы, олардың есепшоттары туралы мәліметтердің шынайылығын жіті тексереді. Үш күн ішінде алты үлкен чатта 50-ге тарта жалған хабарландыру анықталды. Олардың арасындағы көмек туралы әр үшінші хабарландыру жалған болып шықты. Хабарландырулар жойылды, авторлардың чаттардағы нөмірлері бұғатталды", – дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Осы себептен де, полицейлер қаржылық сұрақтармен байланысты кез келген ақпараттың шынайылығына көз жеткізуге және барынша сақ болуға кеңес береді.

Мұндай жалған ақпарат тарату туралы фактілері тіпті лауазымды тұлғалардың атынан да жасалған.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі - Олжас Бектенов;

Түркістан облысы әкімі - Дархан Сатыбалды;

Алматы облысы әкімі - Марат Сұлтанғазиев;

Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі - Аида Балаева.