Аялдамада автобусты сағаттап күтетін Алматы тұрғындары шағымданды

Аялдамада автобусты сағаттап күтетін Алматы тұрғындары шағымданды
Сурет: Rus.azattyq-ruhy.kz

Алматы автобустарындағы ахуал

Аялдамада автобус күткен жолаушылардың видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Қала әкімдігі бейнежазбада Райымбек-Әшімов көшесіндегі «№7 қалалық аурухана» аялдамасы екенін мәлім етті.

«Әлеуметтік желіде тараған «№7 қалалық аурухана» аялдамасы. Бұл жермен күніне 263 бірлік қоғамдық көлік жүреді. Атап айтқанда, № 18, 14, 15, 16, 23, 26, 27, 31, 47, 67, 78, 95, 102, 112, 115, 118, 128, 202. Бағыт кестесінің бұзылуы жолдағы кептеліспен байланысты болады. Сонымен қатар, көшелердегі жөндеу жұмыстары да кедергі келтірді. Орталық диспетчерлік қызмет әр бағыттың қозғалысын бақылайды, ауытқулар болған жағдайда, олар тасымалдаушыға шара қолдану туралы айтады»,- деп хабарлады әкімдіктен.

Жалпы, қалада 2 мыңға жуық автобус бар.

«Бүгінде автобус парктерінде жанармай тапшылығы жоқ», - деп нақтылады әкімдіктен.