Автогаздың шекті бағасы бекітілді

Автогаздың шекті бағасы бекітілді
Сурет: ашық дереккөз

Олар 2024 жылғы 1 қаңтардан күшіне енеді.

Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын бекітті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Сонымен өңірлер бойынша бекітілген шекті баға:

Астана – 76 теңге;
Алматы – 81 теңге;
Шымкент – 64 теңге;
Алматы облысы, Солтүстік Қазақстан облысы – 81 теңге;
Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары – 54 теңге;
Ақмола облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Қостанай, Қарағанды ​​облысы – 76 теңге;
Жамбыл облысы – 71 теңге;
Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстары – 64 теңге;
Павлодар облысы – 74 теңге.
Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары – 76 теңге.

Әр облыстың шалғай аудандары үшін (облыс орталықтарынан 200 шақырымнан астам) шекті бағалар 5 теңгеге жоғары болады.
Газбен жүретін көліктер арнайы белгі жапсыруға міндеттелді

Жаңа жылдан бастап қазақстандықтар газбен жүретін автокөлігіне арнайы белгі жапсыруға міндеттеледі.

Арнайы белгі – жиегі қара түсті және "GAS" деген жазбасы бар сары теңбүйірлі үшбұрыш.
Газбен жүретін, бірақ көлігінде "GAS" белгісі жоқ жүргізушілерге 3 АЕК немесе 11 076 теңге айыппұл салынады.

Сауда министрлігінің ақпаратынша, елімізде газ баллон жабдығы орнатылған 380 мыңнан астам автокөлік тіркелген.