Автобустардың саны артты

Автобустардың саны артты
Сурет: ашық дереккөз

Қоғамдық көлік қызметтерінің жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан бері Алмалы ауданына қызмет көрсететін 5 маршруттың автобустары жаңартылды.

Атап айтқанда, № 13, 17, 69, 88, 119; 84 бірлік автобус. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындарымен өткен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жаңа автобустарды сатып алу есебінен 9 маршрутты 132-ден 165-ке дейін күшейту, нақтырақ айтқанда № 2, 12, 30, 44, 59, 70, 135, 137, 50 маршруттарды 33 бірлікке күшейтіледі.Сондай-ақ 12 маршрутты 209-дан 264 автобусқа дейін жаңарту және күшейту  жоспарлануда, -деді қала әкімі.

Осылайша, жыл соңына қарай Алмалы ауданында қызмет көрсететін жылжымалы құрам 88 бірлікке (1342 бірліктен 1430 бірлікке дейін) ұлғайтылатын болады.