Автобус көпірдің тіреуіне соғылды

Автобус көпірдің тіреуіне соғылды
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Алматыда автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай, көпірдің бетон тірегіне соғылып, салдарынан төрт жолаушы зардап шекті.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 5 наурыз күні сағат 06:45-те болған, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

«Жеке тасымалдаушыға тиесілі қоғамдық көліктің жүргізушісі 1966 жылы туған азамат Д., Сүйінбай даңғылымен солтүстік бағытта келе жатып Шолохов көшесіне бұрылар тұста, рульді басқара алмай, көпірдің бетон тірегіне соғылды. Салдарынан төрт жолаушы жарақат алып, дәрігерлердің көмегіне жүгінді», - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Жол-көлік апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Бұған дейін Медеу ауданында бала жетектеген әйелді автобус қағып кеткенін жазған болатынбыз.