Ауылдың дамуына 200 млрд теңге бөлінді

Ауылдың дамуына 200 млрд теңге бөлінді
Сурет: 7kun.kz

Бұл қаражатқа тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік және көлік инфрақұрылым жобалары іске асып жатыр.

Бірақ жыл сайын ауылдан қалаға 200 мыңдай адам көшеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Елде болашағы бұлыңғыр 2 мың 800 елдімекен бар.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың сөзінше, олар даму әлеуеті бар елдімекендер болып саналады. Өкінішке қарай, тұрғындар саны азайған кейбір ауылдарда жағдай қиын. Қазір болашағы бұлыңғыр 2 мың 800 елдімекен бар. Ол жерлерде, шамамен, халықтың 10 пайызы ғана тұрады.

"Бұл ауылдарда 700 мыңға жуық адам тұрып жатыр. Тұрғындар саны едәуір азайған ауылдарда жағдай қиындау. Ал кейбір ауылдарды қалпына келтіріп, қолдау жасалады. Бұл тұрғыда осы ауылдардың болашағы өңірлерде жүргізілген саясатқа қатысты болады", - деді ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Жалпы, жыл сайын ауылдан қалаға 200 мыңдай адам көшеді. Қоныс аударудың басты себебі - жұмыстың жоқтығы және инфрақұрылымның тозуы. Сонымен қатар "ауылдықтардың табысы қалалықтарға қарағанда едәуір төмен", дейді министр.