Алматылық имам жоғалып табылды

Алматылық имам жоғалып табылды
Сурет:SN.kz

Нұржан Манапбаев үйінен 2022 жылдың 9 қыркүйегінде шетелге жұмыс істеуге кеткен.

Ол Қарасай батыр мешітінің бас имамы, Павлодардағы облыстық мешіттің наиб имамы, Алматы облысының өкіл имамы болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматы облысының экс-бас имамы болған Нұржан Манапбаевты әйелі Айсұлу Сайлаубекқызы шетелге жұмысқа кеткен соң таппай қалған. Ол 8 айдан кейін Австриядан табылды. Экс-имамның отбасымен қауышуына «Көреміз» бағдарламасының редакциясы себепкер болған.

Нұржан Манапбаев үйінен 2022 жылдың 9 қыркүйегінде шетелге жұмыс істеуге кеткен. Алғашында отбасымен күнделікті сөйлесіп тұрғанымен, 6 желтоқсаннан кейін байланыс үзіліп қалған.

Ол дін саласындағы қызметінен босаған соң түрік фирмаларында еңбек еткен. Сол компаниялардың бірі шетелге жұмысқа баратынын айтқан. Жалақысы айына 2,5 миллион теңге болатынын жеткізді. Әйеліне Түркияға ұшамын деген. Бірақ Манапбаев алдымен Алматыдан Астанаға, сосын Әбу-Дабиге ұшқан.

«Біріккен Араб Әмірліктеріне баратынымды  баста білген жоқпын. Ұшаққа отырар алдында ғана билетімізді ұстатқанда айтты», -дейді ол.

Сосын Әбу-Дабиден Түркияға барған. Сол жерде 2,5 ай болған. Түрік тілінен ағылшын тіліне аудармамен айналысқан. Кейін Австрияға жіберген. Құрылыста жұмыс істеген.

«Қара жұмыспен айналыстық. Бір мүмкіндік болса, елге қайтуды ойладым. Бригадирлердің де мазасын алып, аванс сұрай бердім. Берген аванстарын жинайтын болдым»,-дейді Нұржан Манапбаев.

Әйелі Айсұлудың айтуынша, экс-имамды жұмысқа шақырған компания басшысы кетем деген кезде бопсалап қорқытқан. Егер қашатын болса, барлық ақшаны мойнына ілетінін айтқан. Ал Нұржанның өзі есімін айтпады. Тек «өз қателігім, сенгенім» деп шектелді.

Құрылыс басынан қашып шығуына сығандардың келуі себеп болған. Жұмысқа жаңадан сығандар тартылған. Олардың аяқтарына киетін резеңке етіктері жетіспей, Нұржанды жіберген. Құжатын қолына ұстатқан соң миграцияға барған. Сөйтіп, миграцияға жеткенде Қазақстаннан іздеп жатқанын айтқан. Ең соңында Австриядан Грузия арқылы елге оралады.

Нұржан Манапбаев – заңгер, тарихшы.1984 жылы Алматы облысында келген. Ағылшын, түрік, араб тілдерін жетік меңгерген.