«Ауылдық денсаулық сақтау саласын модернизациялау»: негізгі шаралар белгіленді

«Ауылдық денсаулық сақтау саласын модернизациялау»: негізгі шаралар белгіленді
Сурет: Ашық дереккөзі

2022-2024 жылдары – 16 570 мейіргер мен 17 585 фельдшер дайындықтан өтеді

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында 2 ұлттық жоба қаралды. Соның бірі – «Ауылдық денсаулық сақтау саласын модернизациялау», деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Ауылдық денсаулық сақтау саласын модернизациялау» ұлттық жобасы аясында келесі нормативтерге өзгерістер енгізу көзделіп отыр:
- 50 тұрғынға дейінгі ауылдарда медициналық қызметкердің болуы;
- Медициналық пункт – 50-ден 500 адамға дейін;
- Фельдшерлік-акушерлік пункт – 500-ден 1500 адамға дейін;
- Дәрігерлік амбулатория – 1500-ден 5 000 адамға дейін;
- АМСК орталығы – 5 000-нан 30 000 адамға дейін.
Сондай-ақ, ұлттық жоба аясында іске асатын негізгі шаралар:
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің (АМСК) 655 нысанының құрылысы:
АМСК 228 жаңа нысан, оның ішінде:
- 123 медициналық пункт,
- 77 фельдшерлік-акушерлік пункт,
- 28 дәрігерлік амбулатория.
Қолданыстағы АМСК нысандарының орнына 427 нысан, оның ішінде:
- 130 медициналық пункт,
- 165 фельдшерлік-акушерлік пункт,
- 132 дәрігерлік амбулатория.
Жоба аясында медицина кадрларымен қамтамасыз ету мақсатында:
- 2022-2024 жылдары – 16 570 мейіргер мен 17 585 фельдшер дайындықтан өтеді;
- Медициналық жоғары оқу орындарында жыл сайын 2 200-ден астам жалпы практика дәрігерлері дайындықтан өтеді.