Ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне 40 млрд теңге бөлінеді

Ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне 40 млрд теңге бөлінеді
Сурет:BaigeNews.kz

Бұдан бұрын қазақстандық фермерлердің Мемлекет басшысына ашық хат жолдағанын хабарлағанбыз.

Бұл бағдарламаға шамамен 40 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен жалға алу тетігін қысқа мерзімде қабылдау жоспарланып отыр.

Ведомствода «ӨКМ операторының» қаражаты есебінен отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға жеңілдетілген несие механизмін енгізуге қатысты кеңес өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша, тараптар «Жасыл Даму» АҚ қаражаты есебінен техниканы жеңілдікпен жалға беру тетігінің негізгі тәсілдерін талқылап, келісті.

Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікті лизингке алу тетігін биыл жаппай егін жинау жұмыстары басталғанға дейін, қысқа мерзімде қабылдау жоспарланып отыр. Бағдарлама шағын және орта ауыл шаруашылығы құрылымдарының техника сатып алуын ынталандыруға бағытталады.

Бұл бағдарламаға шамамен 40 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Қаржыландыруды «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдары жүзеге асырады.

Жуырда Қазақстан фермерлер қауымдастығы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың атына ашық хат жолдады. Олар ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікпен лизингтеу бағдарламасын жедел іске қосуды сұраған болатын.

Олардың айтуынша, мұның нәтижесінде егін жинау науқанына қысқа мерзімде 1000-нан астам трактор мен комбайн паркін жаңартуға мүмкіндік болады.