Бокстан әйелдер құрамасы халықаралық турнирде 11 медаль алды

Бокстан әйелдер құрамасы халықаралық турнирде 11 медаль алды
Сурет: Inform.kz

Бокстан әйелдер құрамасы Польшадан өткен халықаралық турнирде 11 медаль алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Халықаралық турнирде Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай мен Карина Ибрагимова жеңіс тұғырына көтерілді. Ал Валентина Хальзова күміс жүлдегер атанды.

Үздік үштікке Балауса Муздиман, Жайна Шекербекова, Жазира Орақбаева, Дариға Шәкімова, Сания Сұлтанқызы, Гүлсая Ержан, Мәдина Нұрашева ілікті.