Ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматыда 10 балдық кептеліс тіркелді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматыда 10 балдық кептеліс тіркелді
Сурет: El.kz

28 наурыз күні кешке қарай Алматыда жел екпіні күшейді.

Шуақты күн райы кешке қарай күрт өзгеріп, дауыл соға бастады. Бұл туралы бұған дейін де хабарлаған болатынбыз.

Әлеуметтік желіде тараған видеода ұйытқыған желден ағаштар сынып, құрылыс нысандарының бөлшегі көліктердің үстіне құлағанын көруге болады.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты қалада 10 балдық кептеліс тіркелген. Ал құтқарушылар күшейтілген жұмыс режиміне көшкен. 

Синоптиктер 29 наурызда қалада қатты жауын-шашын күтілетінін мәлімдеді.