Алматыда шаңды дауыл тұрды

Алматыда шаңды дауыл тұрды
Сурет: Stan.kz

Алматы қаласында ауа райы күрт бұзылып, шаңды дауыл соғып тұр.

17:30-да қалада ауа райы күрт бұзылып, қатты жел соқты, екпінді жел әсерінен ауаға шаң мен құм көтерілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Кей аудандарда электр жарығы сөндіріліп, такси бағасы шарықтап кетті.

Бұған дейін синоптиктер Алматыда күн бұлттанып, күндіз жаңбыр жауатынын хабарлаған еді. Батыстан соғатын желдің екпіні секундына 3-8 метрді құрайды.

Оған қоса шаңды дауылдан кейін қалада жаңбыр жауа бастады.