Атыс болып, үш адам қаза тапты

Атыс болып, үш адам қаза тапты
Сурет: accident.novyny.live

Университет студенті күдікті ретінде ұсталды.  

Нидерландыдағы Роттердам қаласында қарулы адам оқ жаудырып, үш адамды өлтірді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.  BBC-ге сілтеме жасап.

39 жастағы әйел мен 42 жастағы университет оқытушысы бірден қайтыс болды. Полиция хабарлағандай, олардың денесі бір жерден табылған жоқ. Өлтірілген әйелдің 14 жасар қызы ауыр жарақат алып, кейін ауруханада қайтыс болды.

Шабуылдаушы пәтерде, содан кейін жақын маңдағы Эразмус медициналық орталығында оқ жаудырды. Пәтерде ол екеуін жарақаттап, содан кейін оны өртеп жіберді, деп хабарлайды жергілікті БАҚ. Кейін ол атысын медициналық мекемеде жалғастырды.

Полиция екі оқиғаға да қатысы бар деген күдікпен Эразмус медициналық университетінің студенті болған 32 жастағы қала тұрғыны қамауға алынғанын айтты. Роттердам прокуроры Уго Хилленаардың айтуынша, қылмысқа не себеп болғаны әлі анықталған жоқ.