Атырауда букмекерлік мекемеге қарақшылық жасаған күдікті ұсталды

Атырауда букмекерлік мекемеге қарақшылық жасаған күдікті ұсталды
polisia.kz


3 желтоқсан күні полицияға букмекерлік мекеменің қызметкері қарақшылық шабуыл жасалды деп хабарлама берген, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz polisia.kz сілтеме жасап.

Тексеру кезінде 08:55 шамасында бетперде киген 20-25 жастағы ер адам мекеме қызметкерін ас үй пышағымен қорқытып, букмекерлік мекемеден 143 780 теңге тонап, оқиға орнынай бой тасалағаны анықталды.



Полиция қызметкерлері жедел әрекет жасап 25 жасар қала тұрғынын ұстады. Күдікті уақытша қамауға алынып, ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру басталды.