Атақты баскетболшының спорттық аяқ киімі рекордтық бағаға сатылды

Атақты баскетболшының спорттық аяқ киімі рекордтық бағаға сатылды
Сурет: Astanatv.kz

Ұлттық баскетбол қауымдастығының алты дүркін чемпионы Майкл Джорданның аяқ киімі сатылды.

Атақты баскетболшы Air Jordan 13 спорттық аяқ киімін мансабындағы соңғы финалда киген. Аяқ киім аукцион кезінде 2,2 млн долларға сатылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Astanatv.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, бұл - спорттық аяқ киім арасындағы рекордтық сома. Бұған дейінгі үздік көрсеткіш те Майкл Джорданға тиесілі болған. 2021 жылы баскетболшының тағы бір спорттық аяқ киімі 1,4 млн долларға сатылған. Сонымен қатар атақты спортшының матч кезінде киген жейдесі 10,1 млн долларға өтіп кеткен. Айта кетейік, Майкл Джордан 2003 жылы мансабын аяқтаған. Ол "Чикаго" клубы сапында Ұлттық баскетбол қауымдастығының алты дүркін чемпионы атанған.

Бұдан бөлек баскетболшы АҚШ құрамасымен бірге екі мәрте Олимпиада жеңімпазы болды.