Ат ауыстыру – 1 932 теңге

Ат ауыстыру – 1 932 теңге
Сурет: интернеттен

Қазақстанда ұнамаған  есімді ауыстыруға бола ма?

Бұл қызмет адамның жеке өтініші бойынша жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Заңға сәйкес, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар он алты жасқа толған және атын және (немесе) әкесінің атын, тегін ауыстырғысы келетін адамның жеке өтініші бойынша жүргізеді», делінген Әділет министрлігінің ақпаратында.

Неке (ерлі - зайыптылық) және отбасы туралы кодекс бабында есімін өзгерту үшін негіздердің толық тізімі келтірілген.

Есім:

оғаш естілген кезде;

айтуға қиындық келтірсе;

өтініш беруші таңдаған ата-аналарының бірінің ұлтына (ата-аналарының ұлты әртүрлі болған кезде) сәйкес келетін атты және (немесе) текті алғысы келсе;

құжаттардағы атынан өзгеше, өмірде нақты қалыптасқан атын алғысы келсе;

жынысын хирургиялық жолмен өзгерткен кезде таңдаған жынысқа сәйкес келетін атты, әкесінің атын, текті алғысы келуі кезінде жүргізіледі.

«Қызмет көрсету тәртібі қағидаларымен реттеледі. Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 5 (бес) жұмыс күні, қызмет ақылы 1 932 теңге», деп нақтылады Әділет министрлігі.