Таза ауа – қала тұрғындарының жайлы өмірінің кепілі

Таза ауа – қала тұрғындарының жайлы өмірінің кепілі
Сурет: 365info.kz

Қазір Алматы ауасындағы NO2 азот диоксидінің мөлшері (көліктен, қазандықтардан, ЖЭО және басқа да кәсіпорындардан) шекті рұқсат етілген шоғырланудан 2 есе артық болып тұр.

Атмосфераға шығарылатын қалдықтарды 2025 жылға қарай 127 мың тоннадан 113 мың тоннаға дейін, 2030 жылға қарай 78 мың тоннаға дейін төмендету көзделіп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Кешенді 2 бастаманың басымдылығы айқындалды:

-Ауа сапасын жақсарту;

-Қолайлы экологиялық орта құру.

Қаламыздың ауа сапасын жақсарту үшін, 2025 жылға дейін:

100% Алматыдағы жеке үйлерді газдандыру (1 мың т);

Алматы облысында 42 мың жеке үйді газдандыру (8,0 мың т);

Дизельді автобустарды, коммуналдық техниканы газға және электр тартымына ауыстыру (3 мың т);

Шаңдануды азайту үшін жол бойындағы төсемді көгалдармен және басқа да жабын түрлерімен абаттандыру, сондай-ақ қаланың жасыл қорын ұлғайту;

2-ЖЭО табиғи газға көшіру, 1-ші кезең ( жылына 3,7 мың т);

Заңды тұлғалардың стационарлық көздерінде шаң-газ тазарту жабдығын орнату (1 мың т);

2030 жылға дейін:

Алматы облысында 40 мың жеке үйді газдандыруды аяқтау (7,6 мың т);

ҚК-ті дамыту, аялдайтын көлік тұрақтары бар 4 көлік хабын ұйымдастыру, сондай-ақ тұрақтардың тарифтерін қайта қарау есебінен жеке көлікпен жол жүруді қысқарту (5,3 мың т);

2-ЖЭО табиғи газға көшіру (жылына 29,8 мың т );

3-ЖЭО-ны ыстық сумен жабдықтауға арналған газ қазандығына ауыстыру (жылына 11 мың т );

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың қатты отын мен мазутты пайдалануына тыйым салу (5,3 мың т);

Экологиялық орта қалыптастыру үшін:

2025 жылға дейін:

Қала орталығындағы апаттық жасыл қорды жаңарту (84 мың ағаш) 1 млн. ағаш отырғызу;

Жаңа 7 саябақ аймағын салу (180 га абаттандыру), қоғамдық кеңістікті абаттандыру және құру (Баум тоғайы, Сайран);

376 км қайта жаңарту және 100 км арық желілері мен 25 км нөсер кәрізін салу;

Су объектілерін қалпына келтіру, тазарту және көгалдандыру (7 су қоймасы, 6 суару каналы, 30 км өзендер мен бұлақтар);

2030 жылға дейін:

Жаңа 13 саябақ аймағын салу (300 га абаттандыру);

Шығыс, Іскерлік және Батыс полиорталықтарының әрқайсысында зәкірлі абаттандырылған саябақ құру;

Су объектілерін қалпына келтіру және тазарту (21 су қоймасы, 20 суару каналы және 50 км өзендер мен бұлақтар);

Қонаев атындағы ҮАК-ын абаттандыру жоспарланған.

Алматының болашағына бейжай қарамаңыз. Таза ауаға  қатысты өз пікіріңізді 1 шілдеге дейін төмендегі сілтеме арқылы «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ сайтында қалдырыңыз.