Асқар Мамин екпе салдырды

Асқар Мамин екпе салдырды
Сурет: Primeminister.kz

Премьер-Министр қарағандылық «Спутник V» вакцинасын алған.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин биылғы 21 маусымда жұмыс күні аяқталғаннан кейін коронавирусқа қарсы вакцина алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Primeminister.kz-ке сілтеме жасап.   

Үкімет басшысы Қарағанды фармацевтикалық зауытында шығарылған «Спутник V» вакцинасын алды.

Асқар Маминнің вакциналаудан кейінгі жағдайы жақсы, ешқандай жанама әсерлері болған жоқ.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 2,8 млн-нан астам адам бірінші компонентті, 1,7 млн-нан астам адам екінші компонентті алды.