Astana open ашық республикалық турнирі басталды

Astana open ашық республикалық турнирі басталды

Жылдағы дәстүр бойынша елордада жүзуден балалар мен жасөспірімдер арасындағы жарыс басталды.  

Еліміздің түкпір-түкірінен 430 қатысушы тіркелді, деп жазады Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Олар 4 жас деңгейі бойынша және жүзудің 4 бағыты бойынша өзара мықтыны анықтайды. Атап айтқанда, жарыс бағдарламасына әртүрлі қашықтыққа баттерфляй, брасс, еркін және арқамен жүзу түрлері қосылған. 3 күнге созылатын жарыс қорытындысы бойынша жергілікті құрама жасақталып, алдағы республикалық және халықаралық жарыстарға дайындалады.

Айта кетейік, балалар арасындағы бәсеке елорда төріндегі олимпиадалық талаптарға сай "Барыс Арена" басссейнінде өтіп жатыр.