«Астана» «Динамо Тбилиси» командасымен қарымта ойын өткізеді

«Астана» «Динамо Тбилиси» командасымен қарымта ойын өткізеді
Сурет: ашық дереккөз

Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу сатысында елордалық «Астана» сырт алаңда «Динамо Тбилиси» (Грузия) командасымен қарымта ойын өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  

Кездесу 19 шілдеде елорда уақытымен 22:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Елордада өткен алғашқы кездесуде командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.

«Динамо Тбилиси» (Грузия) 1925 жылы құрылған. КСРО біріншілігінде 1964, 1978 жылдары чемпион атанды. Ал 1990 жылдан бері өз елінде 18 мәрте жеңіс тұғырына көтерілді.

Сондай-ақ, 1981 жылы UEFA кубок иегерлері кубогында бас жүлде алды.

Жеңімпаз ұжым екінші іріктеу сатысында «Динамо Загреб» командасымен шеберлік байқасады. Ойын 25 шілде және 1 тамыз күндері болады.