Астана алаңында «Наурыз- береке бастауы» мерекелік концерті өтеді

Астана алаңында «Наурыз- береке бастауы» мерекелік концерті өтеді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыдағы концерттер: Астана алаңында «Наурыз- береке бастауы» мерекелік концерті өтеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

21 және 22 наурызда Алматыдағы Астана алаңында сағат 11:00-ден 22:00-ге дейін қала тұрғындары мен қонақтары үшін театр әртістері, эстрада жұлдыздары, танымал топтар мен аспаптық ансамбльдер өнер көрсетеді. 

21 наурызда «Наурыз – береке бастауы» концерті «Наурыз шашу» музыкалық композициясымен және театрландырылған қойылыммен басталады. Осы күні сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін сахнада 500-ге жуық әртіс өнер көрсетеді, олардың арасында Әзімбек Байлин, Ұшқын Жамалбек, Әсет Есжан, «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрі, «Алатау театрлары», «Салтанат», «Шаттық», «Жетісу», «Бақыт» би ұжымдары, «Концепт» хоры, Ерлан Рысқали, Тамара Асар, Айгүл Елшібаева, Диас Мұратқан, Қарақат Әбілдина, Ерке Есмахан, Райм, Бақыт Ахмадиева, Роман Ким, Карина Абдуллина, Айгүл Қосанова, Олег Никитин, Анна Уварова және басқа да көптеген әртістер болады.

Он бес минуттық үзілістен кейін сағат 12:15-тен 15:00-ге дейін келесі концерттік бағдарлама ұсынылады. Оған IL Canto JasStars тобы, Сүлеймен Ибрагимов, Жеңіс Ермакова, МузАрт Life тобы, Сая Махамбет, «Асыл» тобы, Мәди Рымбаев, Нұржан Тәжікенов, Райм Уайс, Інжу, Айжан Нұрмағамбетова, «Дервиши», «Alau», «Алашұлы», «Жігіттер» топтары, Әли Оқапов, Мөлдір Әуелбекова қатысады. Кейін сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрі мен «Алматы әуендері» әртістері сахнада өнер көрсетеді. 

Сондай-ақ сағат 18:00-ден 22:00-ге дейін, яғни бір сағаттық техникалық үзілістен кейін, белгілі әртістердің қатысуымен Zhuldyzdy Almaty фестивалі басталады. Көрермендер үшін «Досмұқасан» ансамблі, «Үркер» тобы, Сейфуллин Жолбарыс, Нұрсұлтан Байғұн, Райым Уайс, Мөлдір Әуелбекова мен Rabat ethno fusion, Жігер Ауыпбаев, Дана Кентай, «Диета KZ», «Жігіттер» топтары, Aybekman, Adil, Әбдіжаппар Әлқожа өнер көрсетеді. Концерт соңында Қайрат Нұртас орындауында «Сен менің адамымсың», «Байқа», «Ақ келін», «Перзент сыры», «Бәрі дұрыс па?» және «Алматы түні» әндерін орындайды.

Айта кетерлігі, Астана алаңы аумағында спорт фестивалі мен қолөнершілер жәрмеңкесі де өтеді. Концерттік бағдарламада өзгерістер болуы мүмкін. Астана алаңы Төле би көшесінің бойында, Назарбаев даңғылынан Абылай хан көшесіне дейінгі жерде орналасқан.