Астана 25 жылда әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылық орталығына айналды

Астана 25 жылда әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылық орталығына айналды
Сурет: ашық дереккөз

Халықаралық аренада түйіні тарқамай жүрген келіссөздерді абыроймен ұйымдастырды. Қазір Астана күллі түркінің үлгі тұтар елордасы, дейді Түркия Жақсылар партиясының депутаты, белгілі саясаткер Күршат Зорлу, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

- Қазақстан- Түркия бауырластыққа негізделген қарым-қатынасы біз үшін маңызды. Терең тарихи байланысымыз күн өткен сайын нығайып келеді. Солардың бірі біздің Астанамен ынтымақтастығымыз. Кішкене ғана уақыттың ішінде Астана әлемдік брендке айналды. Бейбітшілік пен тұрақтылық орталығы сипатына ие болды. Бүгінгі мереке құтты болсын. Түркияның Ұлы Ұлттық мәжілісінен дұғай-дұғай сәлем жолдаймын. Құтты болсын! Жасасын Қазақстан! Алға, Қазақстан дейміз,-дейді депутат Күршат Зорлу.