Асхат Оралов президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды

Асхат Оралов президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды
Сурет: интернеттен

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.  

Асхат Оралов 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Ол бұған дейін Amanat партиясының жауапты хатшысы, 2021-2022 жылдары Астана әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2023 жылдың 4 қаңтары мен қыркүйек аралығында мәдениет және спорт министрі қызметін атқарды. Былтыр күзде ол Мемлекет басшысының жарлығынан кейін министр қызметінен босатылып, оған сәйкес Қазақстанда бес жаңа министрлік құрылды.