Ashyq жобасына қатысқысы келетін бизнес өкілдері көбейіп келеді

Ashyq жобасына қатысқысы келетін бизнес өкілдері көбейіп келеді
Сурет: Platon.asia

Алматыда жобаға қатысушы нысандардың саны 2332-ге жетті.

29 маусым күні Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Ashyq жобасының мәселелері» тақырыбында онлайн баспасөз-конференциясы өтті, онда қаладағы Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Салтанат Лесбаева Ashyq жобасы кәсіпкерлерге неге тиімді екенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Салтанат Лесбаеваның айтуынша, 4 маусым күні жобаға қосылған нысандардың саны 1700 болса, бүгінгі таңда оның саны 2332-ге жетті.

«Оның ішінде 186 СПА орталығы, 24 бильярд, 134 компьютерлік клубы, 23 кинотеатр мен филармония, 22 балалар орталығы, 3 темір жол вокзалы және 15 қонақ үй бар», – деді Салтанат Лесбаева.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда Ashyq жобасына қосылу әдісі айтарлықтай  жеңілдетілген, электрондық сандық қолтаңба болса болғаны. Өтініш бір күнде қаралады.