Салтанат Лесбаева: Вакцина алмаған адамдарды ұстамау керек

Салтанат Лесбаева: Вакцина алмаған адамдарды ұстамау керек
Сурет: Atameken.kz.

Салтанат Лесбаева: вакцина алмаған адамдарды ұстап алмау керек

Ashyq жұмыс істейтін нысандарға «сары» немесе «қызыл» мәртебесі бар адамдар жіберілмеуі керек.

Ashyq-ты енгізген нысандардың қызметкерлері «сары» және «қызыл» мәртебесі бар адамдарды өздігінен ұстамауы немесе тоқтатпауы керек. Мұндай мәлімдемені ӨКК алаңында онлайн-сұхбат барысында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Салтанат Лесбаева жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оның айтуынша, барлық мәселелер ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 3 маусымдағы №26 қаулысымен реттеледі.

«Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулыларында белгіленген шарттар мен критерийлер өзгеретіні түсінікті. Сонымен қатар, барлық қажетті алгоритмдер нақты және анық жазылған», – деді Кәсіпкерлер палатасының өкілі «Вечерний Алматы» газеті тілшісінің сұрақтарына жауап бере отырып.

Сонымен қатар, Салтанат Лесбаева тым құлшыныс танытпауды өтінді.

«Сары» және «қызыл» мәртебесі бар адамдарды ұстап алудың немесе тоқтатудың қажеті жоқ. Барлық қажетті ақпаратты санитарлық дәрігерлердің назарына жеткізу керек. Олардың тарапынан әкімшілік жауапкершілік шаралары қабылданады», - деді Кәсіпкерлер палатасының өкілі.