Ашхабадта Каспий маңы мемлекеттерінің алтыншы саммиті басталды

Ашхабадта Каспий маңы мемлекеттерінің алтыншы саммиті басталды

Шараға мемлекет басшылары қатысып жатыр.

Ашхабадта Каспий маңы мемлекеттерінің алтыншы саммиті басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорда cілтеме жасап. 

Каспий саммитіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Ресей, Иран, Түрікменстан, Әзербайжан елдерінің басшылары қатысып жатыр. 

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий маңы мемлекеттері басшыларының алтыншы саммитіне қатысу үшін Ашхабад қаласына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен және Түрікменстанның бұрынғы Президенті, Халық Мәслихаты Ұлттық кеңесінің төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті.