Аса қауіпті 15 қылмыстық топ құрықталды

Аса қауіпті 15 қылмыстық топ құрықталды
Сурет: интернеттен

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша іс-шаралар жалғасуда.

ҰҚК аса қауіпті 15 қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"2023 жылы ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп 15 аса қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті. Тінту кезінде топ мүшелерінен атыс қаруы, ақша, есірткі заттары мен олардың құқыққа қайшы әрекеттерінің өзге де заттай дәлелдемелері алынды", - делінген хабарламада.

Комитет  таратқан мәліметке қарағанда, жалпы кісі өлтіру, тонау, бопсалау, қарақшылық және басқа ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен 98 адам ұсталып, олардың 40-ы сотталған.

Қалғандарына қатысты әлі сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша іс-шаралар жалғасуда.

Былтыр 22 желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті шетелге ұшып кетпек болған радикалдың ұсталғаны жөнінде ақпарат таратқан еді.