Аса ауыр халде ауруханаға түскен науқастың өмірін дәрігерлер арашалап қалды

Аса ауыр халде ауруханаға түскен науқастың өмірін дәрігерлер арашалап қалды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Дәрігерлер ессіз күйде 9 күн жатқан ер адамның өмірі үшін күресті

Орталық қалалық клиникалық ауруханаға 18 қарашада аса ауыр халдегі 67 жастағы ер адам ессіз күйде жеткізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ОҚКА баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Инкубация қаралып, ӨЖЖ аппаратына қосылды және шұғыл түрде реанимация бөлімшесіне емделуге жатқызылды. Қойылған диагноз- мишықтың сол жақ сыңарының инсульты, ишемия мөлшері 5х4 см. құрады. Стационардың реаниматологтары 9 күн реанимация бөлімшесінің қабырғасында пациенттің өмірі үшін күресіп, барлық қажетті диагностикалық және емдік шаралар жүргізілді.

Инсульт бөлімшесінің меңгерушісі Азиз Исмаиловтың айтуынша, трахеостом туралы мәселе көтерілді, дегенмен, науқастың хал-жағдайы жақсарып, экстубация жүргізілді және ер адамды өз бетімен тыныс алу арқылы өзіндік тамақтану сатысына ауыстырылды. 26 қарашада ер адам инсульттық бөлімшесіне ауыстырылып, онда бір апта жатып денсаулығы жақсара бастады. Осы уақыт бойы пациентке ертеден оңалту қаралып, неврологиялық тапшылығы шағын мөлшерге түсе бастады. Пациенттің денсаулығы толығымен тұрақтанып, ешкімнің көмегісіз өзіне өзі қарай бастады.

«Бүгін пациентті үйіне шығарды, ер адам өзін жақсы сезінеді, өз бетімен қозғалады. қозғалыс және сөйлеу жағынан ақаулықтар анықталмаған. Ұсынымдармен әрі қарай қадағалануға жіберілді»- деді дәрігер.

Сарапшы пациенттің хал-жағдайы нашарлаған кезде дер кезінде дәрігерге бару керек екендігін тағы айта кетті.

«Өкінішке орай, клиникаға кеш жүгінеді. Біздің халық өзі жазылып кететіндей, ауруханаға барғанды ұнатпайды. Бірақ, бұл олай емес екенін түсінгендері жөн. Және де ең алдымен "жедел жәрдемді" шақыру қажет»- деп түсіндірді Азиз Исмаилов.