Аружан Сағындықова Таиландтағы турнирдің ширек финалына өтті

Аружан Сағындықова Таиландтағы турнирдің ширек финалына өтті
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстандық Аружан Сағындықова Таиландта өтіп жатқан ITF World Tennis Tour W15 турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Дүниежүзілік рейтингте 1162-орында тұрған 18 жастағы қазақстандық теннисші екі кездесуін сәтті өткізді.

Аружан алдымен рейтингте 1075-сатыдағы Гонконг өкілі Мэн Инг Мэгги Нгті 6:4, 6:2 есебімен тізе бүктірді, деп жазады ҚазАқпарат.

Екінші айналымда таиландтық Камонван Йодпетчті 0:6, 6:4, 6:4 есебімен ұтты.

Аружан Сағындықованың ширек финалдағы қарсыласы кейін анықталады.