Арулар мерекесінде күн алдамшы болады

Арулар мерекесінде күн алдамшы болады
Сурет: Қайрат Қоныспаев

Синоптиктер 7, 8 және 9 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Болжам бойынша, алдағы үш тәулікте атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«9 наурызда Қазақстанның оңтүстігінде, күндіз оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, республика бойынша жел күшейеді, батыста, солтүстікте және орталықта тұман түседі», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында. 

Бұл күндері ауа температурасы республиканың батыс облыстарында 0+8 градус, солтүстігінде -4+1 градус, оңтүстігінде +10+20 градусқа дейін көтеріледі.