Армиямыз әлемдік стандартқа сай жабдықталған - Тоқаев

Армиямыз әлемдік стандартқа сай жабдықталған - Тоқаев
Сурет: Ақорда

Жеке құрам жүйелі түрде жауынгерлік дайындықты пысықтайды

Бүгінде армиямыз әлемдік стандартқа сай жабдықталған. Бұл туралы Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты жиында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Бүгінде армиямыз әлемдік стандартқа сай жабдықталған. Сонымен қатар жаңа жаһандық сын-қатерлер Қарулы Күштеріміздің жауынгерлік қабілетін арттыру үшін оңтайлы шешімдер іздеуді талап етеді. Сондықтан, менің тапсырмам бойынша жоғары мобильді және гибридті соғыстар жүргізуге қабілетті арнайы операциялық жасақтар құрылды. Әлемдегі соңғы оқиғалардың тәжірибесін ескере отырып, біз әскери іс-қимылдардың стратегиясы мен тактикасын үнемі жетілдіріп отырамыз. Жеке құрам жүйелі түрде жауынгерлік дайындықты пысықтайды, ауқымды оқу-жаттығулар өткізіледі. Болашақ офицерлерді даярлаудың заманауи жүйесі құрылды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.