Алматыда «Жас құтқарушы» жарысы өтті

Алматыда «Жас құтқарушы» жарысы өтті Сурет: ТЖД

Сайысқа 500-ден астам оқушы қатысты


26 сәуір мен 6 мамыр аралығында «Сайран» көлінің аумағында дәстүрлі аудандық «Жас құтқарушы» жарысы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап. 


Сайысқа қаланың 100 жалпы білім беретін мектептер мен лицейлерден 500-ден астам оқушы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша бағалы сыйлықтар, грамоталар мен кубоктар табысталды.


Жас құтқарушы бірнеше кезеңнен өтеді: өрт сөндіру жабдығын жауынгерлік өрістету, зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсету және тасымалдау, аспалы өткел, екі тақтаны пайдалана отырып өткел және т.б.


Жарыстарды өткізу тәжірибесі қатысушылардың ТЖ (жер сілкінісі , өрт және т.б.) кезінде қалай дұрыс әрекет ету керектігі туралы практикалық білім алатындығын, физикалық және психологиялық дайындық алатындығын және халықты қорғауды оқытудағы ең тиімді элементтердің бірі болып табылатынын көрсетеді. 
Кейбір жас азаматтарға Көкшетау қаласында орналасқан  болашақ құтқарушылар мен өрт сөндірушілерді дайындайтын ТЖМ азаматтық қорғау академиясына түсуге дайындықтың жақсы мүмкіндігі. 


Аудандық жарыстардың жеңімпаздары 14 мамырда «Оқушылар сарайы» МКҚК «Медеу» туристік базасында ЖҚЖ қатысушыларының XV қалалық слетіне қатысады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:31

17:45

17:16

16:24

16:10

15:40

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42