Армения ҰҚШҰ-ға мүшелігін тоқтатты

Армения ҰҚШҰ-ға мүшелігін тоқтатты
Сурет ашық дерек көзінен алынды

Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Ереванның ҰҚШҰ-ға мүшелігін тоқтатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Никол Пашинян France 24 телеарнасына берген сұхбатында айтты деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Сұхбатта Никол Пашинян Арменияға қатысты ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт орындалмағанын атап өтті. 

«Біздің ойымызша, Арменияға қатысты ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт, әсіресе, 2021-2022 жылдары орындалмады. . Бұл мәселе біздің назарымызсыз тыс қалмады. Біз осы шартқа қатысуымызды тоқтаттық. Әрі қарай не болатынын көрейік», - деді Пашинян сұхбатында.

Армениядағы Ресей әскери базасының жабылуы мүмкін деген сұраққа Пашинян «қазіргі уақытта бұл туралы әңгіме жоқ» деп мәлімдеді.

Керек дерек

  • Ұжымдық қауіпсіздік шарты жайлы ұйым – тәуелсіз мемлекеттер достастығының әскери-саяси ұйымы. 1992 жылы 15 мамырда Ташкент қаласында Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің қатысуымен құрылды.
  • Қазір ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан. 
  • Ұйымға мүше-мемлекеттердің қызметіндегі басым бағыттар: жаңа трансұлттық айбаттар мен қауіптерге қарсы тұру, қақтығыстардың алдын алу, халықаралық лаңкестікпен, агрессивті экстремизммен, қару мен есірткінің заңсыз айналымымен, ұйымдасқан қылмыспен, жаппай қырып-жою қаруын таратумен күрес болып табылады.