Арқан тартушылар бір ұйымда бас қосатын болды

Арқан тартушылар бір ұйымда бас қосатын болды
Сурет: Sknews.kz

Арқан тарту деген спорт түрі 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарының негізгі бағдарламасына енген. 

Арқан тартыс бұл күнде әлемнің 75 елінде ресми спорт ретінде тіркеліп, жүйелі жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 Халықаралық арқан тартыс федерациясы халықаралық Олимпиада комитетімен танылып, бүгінде тасы өрге домалаған спорт түрі. Аталған спорт биыл елімізде өтетін 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарының негізгі бағдарламасына енген. 

Жаңадан құрылған Республикалық федерация президенті болып Ілиясов Еркебұлан Сайдоллаұлы тағайындалды.