Арыста тағы жарылыс...

Арыста тағы жарылыс...
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Оқиға наубайханада болған.

Газ баллоны жарылып, 2 адам ауыр халде ауруханаға түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Термиялық күйік шалған екі қызметкер ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Наубайхана мен жақын орналасқан дүкеннің 200 шаршы метрге жуық аумағы өртке оранған. Құтқарушылардың айтуынша, газ баллондарының бірі өрт орнына жақын тұрғандықтан газ тез қызып, жарылыс болған. Зардап шеккендердің бірінің денесін 30 пайыз күйік шалса, екіншісінің денесінің 70 пайызы күйіп қалған.

Оқиға орнынан 50 литрлік екі газ баллоны және 25 литрлік екі баллон шығарылды.